«Қарахан» кесенесінде экскурсия жүргізілді
ҚР Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахметоллақызына «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік музей – қорығына қарасты Қараханидтер әулетінің көрнекті тұлғасының бірі–Шах Махмуд Қараханның құрметіне салынған «Қарахан» кесенесіне экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында кесененің құрылу тарихы мен сонау ғасырлар қойнауынан келе жатқан аңыз – әңгімелері айтылды, сонымен қатар Тараз шаһарының тарихы тереңінен баяндалып, археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құнды жәдігерлерімізбен танысты.