«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Тарихи нысандарды тамашалады

Тарихи нысандарды тамашалады

Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Анаға тағзым" орталағында "Әйелдер-Тәуелсіздік дәуірінің тірегі" атты республикалық форумының қатысушылары қайраткер әйелдер мен ардақты аналар болды. Соның ішінде ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты Асылы Әлиқызы Осман бастаған әйелдер қауымы "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи нысандарды тамашалады. Атап айтқанда, «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені, "Қарахан" "Айша-бибі" "Тектұрмас" кесенелерінде экскурсия жүргізіліп, Көне Тараз қаласының тарихи мұралары жайында ақпарат беретін бүктемелер берілді.