Тарихи-мәдени жәдігерлер қала тұрғындарының назарына ұсынылды
Түркістан қаласында Жамбыл облысының мәдениет күндері аясында жоспарланған іс-шаралар әлі де жалғасуда. Осыған байланысты бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тараз-Ұлы даланың көне шаһары» атты жылжымалы көрмесі "Конгресс холл" көпфункционалды концерт залында өтті. Көрме барысында көне шаһар Ұлы Жібек жолының керуен жолдарындағы ортағасырлық қала мәдениетінің озық үлгісі болғандығының және көне қаламыз Тараздың осыдан екі мың жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарының бірі болғанын айғақтайтын археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған тарихи-мәдени жәдігерлер қала тұрғындарының назарына ұсынылды.