«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Біз-Тәуелсіз елдің ұрпағымыз»

«Біз-Тәуелсіз елдің ұрпағымыз»

Байзақ аудандық колледжінің студенттеріне музей-қорық қызметкерлері әлемдегі қайталанбас тарихи ескерткіштердің бірі саналатын "Ақыртас" археологиялық-сәулет кешенінде "Біз-Тәуелсіз елдің ұрпағымыз" тақырыбында музей сабағын өткізді. Сабақ барысында студенттер Ақыртастың қызықты тарихымен, оның ғылыми зерттеу кезеңдерімен, маңыздылығымен және зерттеушілер Ақыртастың нысан ретінде Мысыр ғажайыптарымен, Афина Акрополияларымен, Рим Колизейімен, Перудағы майя тайпасының сарайларымен және дүниежүзілік құндылығы бар антикалық аңыздармен қатар атап көрсеткендігімен танысып, музей-қорығына қарасты басқа да нысандар туралы көп мағлұмат алды.