«Ақыртас» археологиялық-сәулет кешенін тамашалауға келді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің ұлттық дәстүрі мен ұлттық мәдениетін дамытуға арналған «Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты акциясыа ясында бүгін «Нұр-Әлім» мектеп-гимназиясының оқытушылары «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық қазыналы құпияны қойнауына жасырған жұмбақ мекен, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген Халықаралық маңызы бар «Ақыртас» археологиялық-сәулет кешенін тамашалауға келді. Музей қызметкерлері экскурсия барысында Ақыртаста табылған үш керуен-сарай, су құбыры, бақ-саябақ аймағына арналған орын, сигналдық мұнараның қалдықтары туралы тұтас кешенді зерттеудің қызықты тарихын айтып берді. Экскурсияның қызықты өткені соншалық, оқытушылар керемет әсер алғадығын айтып, музей-қорығына қарасты басқа да нысандарына баруға ниет білдірді.Сонымен қатар Ботай қонысымен танысуға мүмкіндік беретін, оның бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне негізделген жылжымалы көрмені тамашалап, таңданды.