Кезекті вебинар өтті
Бүгін Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі ұйымдастырған "Дүниежүзілік мұра объектілерін тиісті басқару арқылы туризмді дамыту" білімді бірлесіп құру бағдарламасы бойынша кезекті вебинары өтті. Вебинарға қорық-музейінің ғылыми істер жөніндегі директордың орынбасары Алимжанова Ғ. қатысты.
Вебинар бағдарламасында Жапония қалаларының тарихи ландшафттарын сақтау, сондай-ақ Дүниежүзілік мұра объектілерінің буферлік аймақтарын қорғау, туризмді дамыту бойынша тақырыптар талқыланды. Курс жұмысына Киото, Рицумэйкан, Хоккайдо және Цукуба университеттерінің білікті ғалымдары қатысуда.