Университет білімгерлеріне тақырыптық экскурсия жүргізілді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы жасөспірімдер арасында тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Өз өлкеңді біл және сүй» атты тақырыптық үйірме ұйымдастырып келеді. Міне соның жалғасы ретінде "Тараз-тарихымыздың алтын діңгегі" атты тақырыпта М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне музей қызметкерлері тақырыптық экскурсия жүргізді. Тақырыптық үйірме барысында Қазақстанда ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші, қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқан «Қарахан» кесенесінің тарихы, құрылысы, аңыз әңгімелері баяндалды.