«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Экскурсия өткізілді

Экскурсия өткізілді

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени мұраларымызды таныстыру мақсатында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы және Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің қызметкерлеріне экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында әріптестерімізге  алдымен тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірінде орналасқан,ортағасырдың махаббат символына айналған «Қарахан», «Айша-бибі» кесенелерінің тұрғызылу тарихы, халқымыздың жадында есте жоқ ескі замандардан бері сақталып келе жатқан аңыз-әңгімелері айтылды. Сонымен қатарТараз шаһарымыздың тарихы тереңінен баяндалып, "Көне Тараз" археологиялық саябағында археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған құнды жәдігерлеріміз көрсетілді. Қала қонақтары қазақ жеріндегі соның ішінде, тағылымды тарихы мен өрелі мәдениеті ерте кезеңдерден-ақ талайлардың таңдайын қақтырып, тамсандырған Жамбыл өңірінің тарихымен танысқандарына өте қатты қуанды.