Меморандумға қол қойды
2021 жылы 26 қазан күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты "Ақыртас" сәулет-археологиялық кешеніне «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» іргелі мақаласын жүзеге асыру аясында «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» көшпелі көрмесінің ашылуы өтті. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы және «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою басты назарға ілікті.
Көрме барысында музей қызметкерлері тарихи-мәдени мұраны сақтау, оны кеңінен насихаттау мәселелерін талқылады, объектілерге келушілердің тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс түрлерін талқылады, жас мамандардың және облыстың музей және туристік саласы өкілдерінің сөздерін тыңдалды. Содан кейін іс - шараның барлық қатысушыларын Ботай музей-қорығының көрмесімен танысуға шақырылды.
Көрме Ботай мәдениетінің бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығына негізделді және де баға жетпес артефактілермен таныстырылды.
Көрменің ашылу салтанатына республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері де қатысты.