«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Көшпелі көрме ұйымдастырылды

Көшпелі көрме ұйымдастырылды

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты "Ақыртас" сәулет-археологиялық кешеніне "Ботай" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігінің ұйымдастыруымен «Атқа міну мәдениеті – дала өркениетінің мұрасы» атты көшпелі көрмесін құрды. Көрме киелі нысан - Ботай қонысымен танысуға мүмкіндік береді, оның бірегейлігі мен мәні-мағынасы әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне, көшпенділердің алғашқы тұрғын үйлерінің салынғандығына негізделеді, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген қазба жұмыстарында табылған баға жетпес артефактілер ұсынылады.