Ортағасырлық Меркі қалашығына іс-сапармен барып қайтты
Бүгін "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері музей-қорықтың қарауындағы ортағасырлық Меркі қалашығына іс-сапармен барып қайтты. Қорық-музей басшылары жергілікті атқарушы билікпен, атап айтқанда Меркі ауданы әкімдігінің қызметкерлері және инспектормен кездесті. Кездесу барысында ортағасырлық Меркі қалашығын және қалашыққа іргелес аумақты сақтауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұра ескерткішін кеңінен насихаттау үшін қорық-музейдің жергілікті атқарушы органдармен нақты өзара қарым-қатынасы қажет, сонда ғана біз бұл ескерткіштің сақталатынына және реставрациялық, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетініне мүмкіндік алатынымыз жайлы айтылды.