«Ақыртас» археологиялық-сәулет кешенін тамашалауға келді
«Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 30-ға жуық білім алушылары мен оқытушылары «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық қазыналы құпияны қойнауына жасырған жұмбак мекен, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген Халықаралық маңызы бар «Ақыртас» археологиялық-сәулет кешенін тамашалауға келді. Ақыртас кешені-Египет пирамидалары, Афины Акропольдары, Рим Колизейі, Перудегі Майя мәдениетімен деңгейлес жатқан алып құрылыстың бірі. Тарихы әлі күнге тылсым күйінде қалып келе жатқан, аты аңызға айналған бұл құрылыстың әлем мәдениетінен мен мұндалап тұрып орын алары ақиқат.