«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Тарихи-мәдени мұра-баға жетпес қазына»

«Тарихи-мәдени мұра-баға жетпес қазына»

Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Осыған орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қорық-музейінің ғылыми қызметкері Тлепалдиева.Л «Тарихи-мәдени мұра-баға жетпес қазына» атты тақырыпта М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушыларымен ақпарат алмасу мақсатында онлайн кездесуді өткізді. ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қарамағындағы тас ғасырынан бастап бүгінгі күнге дейінгі әртүрлі тарихи кезеңдерде тұрғызылған республикалық маңызы бар нысандар бүгінгі онлайн кездесуге арқау болды. Тақырыпты ашудағы баста мақсат тарих пен мәдениетті байланыстыра отырып, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайта жаңғырту мен дамыту сабақтастығын, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеу.