Музей сабағы өткізілді
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің ұлттық дәстүрі мен ұлттық мәдениетін дамытуға арналған «Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты акциясын іске қосқан болатын. Осыған орай арнайы бірнеше бөлімнен тұратын бағдарламамен Б.Момышұлы атындағы №45 мектеп-гимназиясында музей сабағын өткізді.
Бірінші бөлімде: Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты жазылған, «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық», «Ұлағат пен ұстаным» бөлімдерінен тұратын мақаласы аясында сөз қозғалды.
Екінші бөлімде: Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойына орай «Қазақ даласының жыршысы» атты тақырыпта білім алушыларға дәріс оқылды. Сонымен қатар ақынның өмір жолы ,ақындық қызметі мен шығармашылығы туралы бейне материалдар назарларына ұсынылды. Осындай біртуар тұлғаларды еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш етуіміз керек.
Үшінші бөлімде: ұрпақтар сабақтастығы ретінде көненің көзі бола білген, 2000 жылдық тарихымен Түркілік мәдениетінің символына айналған –қасиетті Тараз жерінен табылған құнды жәдігерлердің сырымен таныстырылды. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған құнды жәдігерлерімізден құралған жылжымалы көрме көрсетілді.