«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Бейнеэкскурсия жүргізілді

Бейнеэкскурсия жүргізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығының 3-4 курс студенттеріне «Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» акциясы аясында «Тарихты жаңартқан Тәуелсіздік-Көне Тараз қалашығы» тақырыбында бейнеэкскурсия жүргізілді. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері  білім алушыларға тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттай отырып,ежелгі қала ,үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды экспонаттарды көрсетіп, сипаттамларына тоқталып, таныстырды. Бейнеэкскурсия студенттердің қызығушылығын тудырғаны хақ, олар дәрісті сүйсіне тыңдай отырып, қызықтырған сұрақтарына музей қызметкерлерінен мазмұнды жауаптар алды. Болашақта қорық-музейінде іс тәжірбиеден өткілері келетіндігің айтып, алғыстарын білдірді.