«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / 1 – қазан «Қарттар күні»

1 – қазан «Қарттар күні»

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас – көз бола білген қарттарымыздың орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Осыған орай тойланатын 1 – қазан «Қарттар күнімен» ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі ұжымының атынан шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!