Экскурсия өткізілді
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты нысандарының бірі – «Көне Тараз» археологиялық саябағын жүректері ізгіліктен жаралған, мейірімдері төгіліп тұратын мейірбан, қамқоршы жандар келіп, тамашалауға шешім қабылдады. Экскурсия барысында «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу» орталығының қызметкерлеріне ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды экспонаттар көрсетіліп, сипаттамаларына тоқталып, таныстырылды.