«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Ақсу-Жабағылы шипажайының қонақтары «Қарахан кесенесінде»

Ақсу-Жабағылы шипажайының қонақтары «Қарахан кесенесінде»

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі қызметкерлері Түркістан облысындағы «Ақсу-Жабағылы» шипажайынан келген демалушыларға «Қарахан» кесенесінде экскурсия жүргізді. Тараз шаһарымыздың  қонақтарына экскурсия жүрізу барысында  Қазақстанда ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші, қазіргі Тараз қаласының батыс бөлігінде орналасқан «Қарахан» кесенесінің тарихы, құрылысы, аңыз әңгімелері баяндалды. Қаламыздың ежелгі тарихы мен мәдени мұраларына тәнті болып, өздерінің қызығушылықтары мен ыстық ықыластарын білдірді.