«Көне Тараз» археологиялық паркінде экскурсия жүргізілді
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы ЮНЕСКО–ның Алматыдағы кластерлік бюросы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік мұра Ұлттық комитеті, «Kazakh Tourism» ҰК АҚ қолдауымен «Жастар және мәдени мұра» жобасы аясында Республикалық туристик мартшруттар байқауын жариялады. Осы жоба аясында Назарбаев мектебінің 10 сынып оқушылары Фатима Баймаханова және Мейрамбек Санжар «Көне Тараз» археологиялық паркінде тақырыптық экскурсия жүргізіліп, бейне түсірілім жасады.
Республикалық Туристік маршруттар байқауының мақсаты: Қазақстанның мәдени және табиғи мұраларын туристік маршруттар құрастыру арқылы, медиа құралдар арқылы жастар арасында және халықаралық қоғамға кеңінен насихаттау.