Бүгін Ұлттық домбыра күні!
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым! Елбасының рухани жаңғыру жолын және салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген. Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес. Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз. Жылдан жылға домбыра тартатын жастардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады.
Міне осы орайда «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағында «Ғаламат» домбыра мектебінің өнерпаз жастарының арнайы орындауымен «Ерке сылқым» «Балбырауын» «Балбұлақ» «Салкүрең» күйлері орындалды. Шығармашыл жастардың өнерін тамашалағаннан соң мекемеге қарасты тарихи нысан бойынша экскурсия жүргізіліп, ұлттық өнер мен ұлттық құндылықтарымыздың егіз екені осындай кундері айшықталатынына көз жеткіздік десекте болады.