Қазба жұмыстары
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы Ақымбек Ералының жетекшілігімен Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Тегістік ауылының солтүстік-батыс жағында 14 км қашықтықта орналасқан X-XII ғасырлармен мерзімделетін Төрткүл археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазба жұмысы барысында барлау жұмыстары жүргізілді,Төрткүл жоспарда шаршы болып келген, қабырғаларының ұзындығы 140 м, алаң түрінде. Периметрі бойынша биіктігі 3,5 м дуалмен қоршалған. Төрткүлдің қабарғасы анықталып, қыш құмыра қалдықтары мен жануар сүйектері табылды. Қазба жұмысының мақсаты: табылған көне жәдігерлерді, тарихи-мәдени мұра ретінде сақтап, көпшілікке насихаттау. "Көне жәдігерлер-тарих қойнауынан жеткен асыл құндылықтар" Археологиялық қазба жұмыстарына "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері Ә.Б.Тәжібаев және инспектор Ж.А.Рысбай қатысып тәжірибе алды. Археологиялық қазба жұмыстар жалғасуда...