«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Тарихы терең Таразым» атты квест ойыны өткізілді

«Тарихы терең Таразым» атты квест ойыны өткізілді

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен 25 маусым күні "Тарихы терең Таразым" атты квест ойыны өткізілді. Ойынға республикамыздың Нұр-сұлтан, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Түркістан облыстары және Тараз қаласымен аудан жастары  "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты "Қарахан" кесенесі, "Көне Тараз" археологиялық саябағында тарихи квест ойыны бастау алып, келген қонақтарға экскурсия жүргізілді. Квест ойынның  қатысушылары мәдени мұраға бай қаламыздың тарихымен танысып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттаудағы жұмыстарымыз үшін алғыстарын білдірді.