«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Білімгерлер өндірістік іс-тәжірибеден өтті

Білімгерлер өндірістік іс-тәжірибеден өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі», «Сәулет және жерге орналастыру» бөлімінің, «Туризм» мамандығының 2-курс білімгерлері ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінде өндірістік іс-тәжірибеден өтті. Іс - тәжірибе барысында білімгерлер қорық-музейге қарасты нысандарының бірі – «Көне Тараз» археологиялық саябағымен, тарихи – мәдени мұраларымызбен, ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен танысты.