Жамбыл өніріндегі тарихи-мәдени нысандардын тарихы жайлы сұхбат берді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі,әр аптаның дүйсенбі күндері FM 108 радиосында «Тараз-ғасырлар куәсі» атты айдарында болатын өлкеміздің тарихы мен тарихи мұраларын насихаттау мақсатында қорық-музей тарихшылары, ғылыми қызметкерлері,қор сақттаушылары және экскурсоводтарынан сұхбаттар беріліп отырады.
Ғасырдан ғасырға жалғасқан, атадан балаға мирас болып келе жатқан тарихта ескерткіш мұралардың ұлттық мәдениетімізден алар орыны жоғары.Тасын түртсең тарихынан сыр шертетін Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ерекше мәдени мұраға бай тарихи географиялық аймақ болып таныламыз.
«Өткенін білмеген ел болашағын болжай алмайды»-деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей, Ұлы Жібек жолы бойында айрықша орыны бар, тарихы терең қалалардың көшін бастап тұрған Тараз жерінде орналасқан мәдени ескерткіштерімізбен, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, жаңғыртуды жөн көрдік.
ҚР Мәдениет және спорт Министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми қызметкер Шаизхан Улжалгас Шаизханкызы ЮНЕСКО-нын бүкіл әлемдік мұралар тізіміндегі Жамбыл өніріндегі тарихи-мәдени нысандардын тарихы жайлы сұхбат берді.