Облыс әкімі Ақыртас сарай-кешені мен Баласағұн қалашығының тарихымен танысты
Бүгін аймақтағы тарихи-мәдени туризмді дамыту мәселесі бойынша облыс әкімі Б.Сапарбаевтың ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік маңызы бар нысандар Ақыртас сарай-кешені мен Баласағұн қалашығының тарихымен, ғылыми, археологиялық және қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, олар жоғарыда аталған ескерткіштердің туристік тартымдылығына жағдай жасау, оларға деген қызығушылықты арттыру, инфрақұрылымдарды дамыту, кеңінен танымал ету және т.б. мәселелерін талқылады.