«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Ежелгі тарихты суреттейміз» атты үйірме-сабағы өтті

«Ежелгі тарихты суреттейміз» атты үйірме-сабағы өтті

2021 жылдың 11 маусымында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастырумен көненің көзіндей болған жәдігерлерді кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығы» КММ оқушыларына арналған «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағында «Ежелгі тарихты суреттейміз» атты үйірме-сабағы өтті. Үйірме-сабақтың барысында жас суретшілер ортағасырлық қалашықтың қайта қалпына келтірілген бейнесімен таныса отырып, археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған қыш шеңберінде өрнектеліп жасалған көне жәдігерлердің бейнесін көркем суреттеп берді.