Туризм саласының бүгінгі таңдағы жай-күйі және даму перспективасы
Бүгін мемлекеттік қорық-музей қызметкерлері Жуалы ауданындағы Көксай шатқалында өткен Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың қатысуымен "Туризм саласының бүгінгі таңдағы жай-күйі және даму перспективасы" атты облыстық семинарға қатысты. Семинардың өтетін орны кездейсоқ таңдалмады-ұйымдастырушылар-"Жамбыл облысының туризм басқармасы" КММ және Жуалы ауданының әкімдігі Жамбыл облысының тарихи-табиғи әлеуетіне назар аударғысы келді. Семинар барысында облыс объектілерінің туристік тартымдылығы мен туризмді дамыту бойынша перспективалар мен міндеттер, инфрақұрылымдарды дамыту,объектілердің қолжетімділігі және т.б. мәселелер айтылды.Семинарға қатысуға облыстың туристік индустриясының өкілдері, спорттық туризм және альпинизм бойынша мамандар, инвесторлар,кәсіпкерлер палатасының және т.б. басшылары шақырылды.