«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Тарихты суреттейміз» атты мұражай сабағын өткізді

«Тарихты суреттейміз» атты мұражай сабағын өткізді

2021 жылдың 11 маусымында "Ежелгі Тараз" археологиялық паркінің аумағында Тараз қаласының ОӘД және БТ көркемөнер студиясының оқушыларына "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері "тарихты суреттейміз"атты мұражай сабағын өткізді. Жас суретшілер туған қаласының археологиялық көрікті жерлерімен танысып, өз суреттерінде археологиялық саябақ аумағында ұсынылған ең ұнаған артефактіні көрсетті. Балалар Қарахан дәуіріндегі қыш бұйымдар коллекциясымен танысып, ежелгі артефактілерді безендіретін әшекейлерді зерттеді.