"Тараз–өңірінің шығыс моншасы" атты тақырыпта кезекті үйірмені өткізді
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі қыркүйек айынан бастап жасөспірімдер арасында тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Өз өлкеңді біл және сүй» атты тақырыптық үйірме ұйымдастырып келеді. "Тараз–өңірінің шығыс моншасы" атты тақырыпта кезекті үйірмені музей қызметкерлері Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің 2 курс білімгерлеріне өткізді. Үйірме барысында ХІХ ғасырларға мерзімделінетін Қали Жүніс моншасының тарихы, монша құрылысы, халықтан бізге жеткен аңыз әңгімелері баяндалып, соңында білімгерлердің қызығып жүрген сұрақтарына жауап берілді.