«Айша бибі» кесенесінің тарихымен танысты
Қазақстандағы АҚШ Елшілігі мен Консулдығының Бас консулы Эрик Майер және елшілік қызметкерлері «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты көне қаламыздың мәдени мұраларына айналған «Айша бибі» кесенесінің тарихымен танысып, мемлекеттің, ұлттың осындай тарихи–мәдени мұраларын насихаттау мен сақтауда атқарып жатқан жұмыстарымыз үшін өз алғысын айтты. Сонымен қатар тарихтың темірқазығы атанған Тараз шаһарының әсем табиғаты мен мәдени тынысына өз танданысын жасыра алмай «Айша бибі» кесенесінің тарихымен қатар құрылысына тоқтала кетіп, кірпіштерінің ерекшелігін баса айта отырып, көздің жауын алатын ортағасырдың таңғажайып ескерткіштерінің бірі екенің айта кетті.