Вело-сапар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Тәуелсіздік ұрпақтары» жалпыұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған Алмат Балтабековтың вело-сапары көне Тараз шаһарына келіп жетті. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Қарахан, Айша бибі, Тектурмас кесенелері және «Көне Тараз» археологиялық саябағының тарихымен танысып, ерекше әсер алды. Саяхатшының мақсаты Нұр-Сұлтан қаласынан Талдықорған қаласына дейін вело-сапар жасау. 3000 км жүріп, 7 облысты басып өтетін аталмыш сапардың ұзақтығы 45 күнді қамтымақ.