Көрме және экскурсия өткізілді
Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып саналады. Жыл сайын демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің толық демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, денінің саулығын арттыруға және де тарихи мәдени мұраларымызбен таныстыру мақсатында оқушылар үшін "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты нысандарды көріп, тамашалауға жағдай жасалған. Міне осы орайда қалалық №26 мектептің 2 -сынып оқушыларына "Көне Тараз" ашық аспан астындағы саябағында археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлерден жасақталған көрме ұйымдастырылып, экскурсиялық қызмет көрсетілді.