«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Тақырыптық экскурсия жүргізілді

Тақырыптық экскурсия жүргізілді

2020 жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" деген тақырыппен халыққа Жолдауын жариялаған болатын. Жолдаудағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде басым бағыттардың бірі білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Осы жолдау аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі маусым айынан бастап жасөспірімдер арасында тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Өз өлкеңді біл және сүй» атты тақырыптық үйірме ұйымдастырып келеді. "Тараз-тарихымыздың алтын діңгегі" атты тақырыпта кезекті үйірмені музей қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің сәулет мамандығының 1 курс білімгерлеріне тақырыптық экскурсия жүргізілді. Үйірме барысында "Қали Жүніс" шығыс моншасының құрылысы мен тарихы, төбені жабудың аспалы күмбездік әдіс жүйесінің ерекшелігі, еден астынан қыздырылатын каналдардың қалталары арқылы жылытатын жүйелерінің құрылысы таныстырылды.