«Туған өлке тарихы» атты тақырыбында дәріс оқылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері Лаура БАЙТҰРСЫНОВА Тараз қаласының білім бөлімінің Ю.Гагарин атындағы 29 орта мектебінің 4 "ж" сынып оқушыларына «Туған өлке тарихы» атты тақырыпта дәріс оқыды. Тасын түртсең тарихтан сыр шертетін Тараз жерінде керемет киелі жерлер мен кесенелері бар, солардың ішінде сұлу "Айша бибі" мен батыр "Қарахан" арасындағы шексіз махаббатының тарихын оқушыларға баяндап берді.