«Береке бастауы – бірлік» атты дөңгелек үстел өтті
Бүгін Жамбыл облысы "Достық үйінде" Қазақстан халқы Ассамблеясы 1-мамыр Қазақстан халықының бірлігі күніне орай "Береке бастауы бірлік" атты "дөңгелек үстел" өткізілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері қатысып, жұмыс барысында этно-мәдени бірлестіктерінің мүшелерімен бірге декоративті қолданбалы өнер шеберлеріктерімен бөлісті. Іс-шараға қатысушылар қорық-музейдің археологиялық көрмесімен танысты, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары көрсетілді және бейбітшілікке, халықтар достығына, ашық аспан мен жасампаздыққа деген ортақ тілектерін айтты.