«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / FM108 радиосына сұхбат берілді

FM108 радиосына сұхбат берілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық- музейі, әр аптаның дүйсенбі күндері FM108 радиосында «Тараз – ғасырлар куәсі» атты айдарында болатын өлкеміздің тарихы мен тарихи мұраларын насихаттау мақсатында қорық-музей тарихшылары, ғылыми-қызметкерлері, қор сақтаушылары және экскурсоводтарынан сұхбаттар беріліп отырады.

Жұмыр жердің бетінде табиғат құдіретімен шебер өрнектелген, адам баласы қолымен асқақ тұрғызылған таңғажайып сәулетті де қастерлі нысандар, киелі де көрікті орындар жетіп артылады. Солардың бір бөлігі Ұлы Жібек жолындағы Ежелгі Тараз шаһары.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тараз – өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті жері, мәңгіліктің бейне нышаны»-деп, өз бағасын берген екен.

2021 жылдың 11 сәуір күні ҚР Мәдениет және спорт Министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тарихшысы Жарылкапова Айжан Ғалымбекқызы «Жамбыл» радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында екі мың жылдан астам тарихы бар, өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті мекені "Қарахан" кесенесінің тарихы мен аңызы, зерттелу жұмыстары туралы айтылды.