«Тараз – ғасырлар куәсі»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық- музейі, әр аптаның дүйсенбі күндері FM108 радиосында «Тараз – ғасырлар куәсі» атты айдарында болатын өлкеміздің тарихы мен тарихи мұраларын насихаттау мақсатында қорық-музей тарихшылары, ғылыми-қызметкерлері, қор сақтаушылары және экскурсоводтарынан сұхбаттар беріліп отырады.
Жұмыр жердің бетінде табиғат құдіретімен шебер өрнектелген, адам баласы қолымен асқақ тұрғызылған таңғажайып сәулетті де қастерлі нысандар, киелі де көрікті орындар жетіп артылады. Солардың бір бөлігі Ұлы Жібек жолындағы Ежелгі Тараз шаһары.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тараз – өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті жері, мәңгіліктің бейне нышаны»-деп, өз бағасын берген екен.
2021 жылдың 1 сәуір күні ҚР Мәдениет және спорт Министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тарихшысы Ибадильдаева Мадина Мананбайқызы «Жамбыл» радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында екі мың жылдан астам тарихы бар, өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті мекен, мәңгіліктің қаласы, үлкен руханият орталығы, әлемдік өркениеттен ойып орын алатын Ежелгі Тараз қаласының тарихы, қорық-музейдің жұмыс барысы мен тарихи-мәдени нысандар жайлы және "Көне Тараз" археологиялық саябағы туралы айтылды.