«Еңбегімен еленген тау тұлға»
Екі мәрте Социалистік еңбек ері Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына биыл 125 жыл. Осыған орай Мойынқұм ауданындағы Аудандық орталық кітапханасының «Білім орталығында» «Еңбегімен еленген тау тұлға» тақырыбында өткізілген іс-шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері қатысып қайтты.
Іс-шара барысында шопан кәсібінің абыройы мен даңқын арттырып мал шаруашылығы тарихында өшпес жол қалдырған атамыздың өмірі мен еңбегі жөнінде әңгімелер айтылып, ата еңбегі туралы жазылған кітаптар таныстырылды. Сонымен қатар қорық- музей қызметкері Ләйлә Тілеубердіқызы Мойынқұм ауылындағы Ж.Қуанышбаев атындағы музейіне барып, осы музейде он жылдан аса басшылық қызмет атқарып келе жатқан шопан ата келіні Қожагелдиева Ләйлә Шайбайқызынан алынған сұхбатында атамыздың жемісті еңбегін еске алып мақтан тұтатынын тілге тиек етті. Сонымен қатар қорық-музейге қарасты монументалды ескерткіштің бірі Мойынқұм ауданы, Бірлік аулындағы Жазылбек Қуанышбаев ескерткішіне оқушыларға дәріс оқылып, «Жазылбекшілер маршы» атты әні хормен орындалды. «Шопандардың атасы», «Дала академигі», «Малшылардың маршалы» деп халқы атап кеткен атамызды біз ұрпақтары әрдайым үлгі тұтып, мақтан етеміз.