«Айтыстың ақтаңгері, өлең жырдың дүлдүлі»
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейі 28 ақпан Жүз жыл жырлаған Жамбыл атамыздың туған күнінің қарсаңында 25 ақпан күні «Жамбылтану орталығында», Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты «Айтыстың ақтаңгері, өлең жырдың дүлдүлі» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық музейінің ұйымдастыруымен Көне Тараз тарихы мен Жамбыл Жабаевтің өмірі мен шығармаларынан сыр шертетін көрме жасақталды. Көрме барысында екі мың жылдан астам тарихы бар, өткен мен бүгінгі күннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті мекен, мәңгіліктің қаласы, үлкен руханият орталығы, әлемдік өркениеттен ойып орын алатын Ежелгі Тараз қалашығының тарихы және археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлер жайлы баяндалды. Сонымен қатар, әрі эпик, әрі айтыс ақыны, абыз жырау, әрі жауынгер жыршы, парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы, «Жамбыл - менің жәй атым, Халық - менің шын атым»-деп жыр жырлаған ақынның өмірі, елді ауызбірлікке, ынтымаққа, туған ел мен жерді қастерлеуге үндеген өміршең жырлары мен шығармалары, ақын құрметіне салынған ескерткіштің тарихы айтылды.
Іс-шараға Жамбыл Жабаевтің шөбересі Мұратхан Жамбылов, Батырхан Жамбылов және неменесі Абдрахман Жамбылов, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. Келген қонақтардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.