«Тараз-тарихымыздың алтын діңгегі»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Тараз қаласындағы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты «Экология» факультетінің білімгерлеріне «Тараз-тарихымыздың алтын діңгегі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс барысында екі мың жылдан астам тарихы бар, өткені мен бүгіннің арасын жалғастырушы киелі де қасиетті мекен, мәңгіліктің қаласы, үлкен руханият орталығы, әлемдік өркениеттен ойып орын алатын Ежелгі Тараз қалашығының тарихы және қорық-музейге қарасты 30 тарихи-мәдени нысандардың тарихы мен аңыздары баяндалды. Сонымен қатар, «Жамбыл - менің жәй атым, Халық - менің шын атым»-деп жырлаған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты ақынның өмірі мен ақын құрметіне салынған ескерткіштің тарихы айтылды.