«Хранительница времени» тақырыбындағы көрме
15 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері жоғары санаттағы суретші-реставратор Жуланова Вера Викторовнаны еске алуға арналған «Хранительница времени» тақырыбында шығармашылық көрмесін өткізді. Кездесуге марқұмның әріптестері, шығармашылық интеллигенция және Вера Викторовна көп жыл жұмыс істеген достары жиналды. Мәдениет қайраткерлері, суретшілер, музей қызметкерлері Вера Викторовнаның шығармашылық еңбегін еске алып,жұмыстың бірлескен кезеңдері мен естелік сөз сөйледі. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде жұмыс істеген ширек ғасырға жуық уақыт ішінде суретші-реставратор Жуланова Вера Викторовна музей үшін мыңдаған жәдігерлерді жандандырды, уақыт өте келе бүлінген мыс және қола монеталар, қыш құмыралар, шамдар мен оссуарилер, тас мүсіндер мен былғарыдан, ағаштан жасалған бұйымдар, суреттер және тағы басқалар оның ұқыпты қолынан өтті. Ол 1000-нан астам көркем және археологиялық музей заттарын қалпына келтірді. Қала және облыс жұртшылығы Вера Викторовна Жуланованы бейнелеу өнерінің талантты шебері ретінде, 1999 жылы «Әлем халықтарының Халықаралық қауымдастығының еңбек сіңірген суретшісі» атағына ие болған, көптеген республикалық және облыстық көрмелердің қатысушысы, қоғамдық өмірден де тыс қалмаған адам ретінде білген. Бейнелеу өнерінің шебері, «Қанатты әйелдер» атты Республикалық көрменің бірнеше мәрте қатысушысы В.Жуланованың еңбектері назар аударуға тұрарлықтай. Атақты қазақстандық суретші Фатима Тарази Вера Викторовнаның жас музей мамандарына үлгі болуы тиіс бірегей кәсіби қасиеттері туралы айтып берді. Көрме қонақтарының әрқайсысы өздерінің өмірлік және шығармашылық естеліктерімен бөлісті. Көрме залында жұмыс істеген жылдары В.В. Жуланова Тараз суретшілерінің, сәндік - қолданбалы өнер шеберлерінің көптеген жеке көрмелерін өткізді, Жас суретшілер мен балалар шығармашылығы орталықтарына қолдау көрсетті, олар бүгінде Вера Викторовнаның әрбір жұмысқа сіңірген барлық шеберлігі мен талантын жоғары бағалады. Көрмеде археологиялық жәдігерлер, суреттер, фотоколлекциялар және қолданбалы өнер бұйымдары қойылған.
Бірнеше жыл бұрын журналистпен сұхбат барысында жазған Вера Викторовнаның сөздері көрменің эпилогына айналды: – "Менің мамандығым басқаларға ұқсамайтындығымен ұнайды. "Қалпына келтіру" ұғымы табылған заттардан жаңасын жасау керек дегенді білдірмейді, бастысы - оған түпнұсқаға жақын эстетикалық көрініс беру. Сонда мұражайға келушілер оны жасаушының сұлулығы мен шеберлігін бағалай алады!».
Көрмеге республикалық және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.