«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Жылжымалы көрме жалғасуда

Жылжымалы көрме жалғасуда

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі тарапынан Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына байланысты Тараз қаласындағы көптен бері екіжақты меморандумға отырып, серіктестікте жұмыс жүргізіп келе жатқан «Мейірім» саңырау және нашар еститін балаларға арналған облыстық арнайы түзету мектеп-интернатында «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көне Тараз қаласы орнынан табылған құнды жәдігерлер туралы мәліметтер ымдау тілі аудармасы арқылы жеткізілді.

 

Мектеп интернат тәрбиеленушілері музей қызметкерлеріне өз ризашылықтарын білдіре отырып, шағын концерттік бағдарламасын ұсынды. Көрме барысында 130 тамашалаушы қамтылды.