«Жібек жолы: Чанъань - Тянь-Шань дәлізінің маршруттық желісі»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 9 – қарашасында Алматы қаласында «Жібек жолы: Чанъань - Тянь-Шань дәлізінің маршруттық желісі» сериялық трансұлттық мәдени мұра номинациясы бойынша дүниежүзілік мұра объектілерінің жәй-күйі жөнінде бірлескен есепті әзірлеу бойынша Қазақстан, Қытай және Қырғызстан өкілдерінің екінші жұмыс отырысы өтті. Онда Дүниежүзілік мәдени мұра ЮНЕСКО Тізіміне енген нысандардың бүгінгі жағдайы, оларды қорғау бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы тараптар жағынан толық бірлескен есеп дайындалды.
Айта кетерлік жәйт, ол нысандар қатарында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Баласағұн (Ақтөбе), Құлан, Өрнек, Қостөбе қалашықтары мен «Ақыртас» сарай-кешені бар. Жиын соңында Қазақстан тарапынан шетелдік қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.