«Қарақожа мешітінің тарихи және мәдени мұра ретінде сақталуы» тақырыбында танымдық дәріс
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттеріне «Қарақожа мешітінің тарихи және мәдени мұра ретінде сақталуы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер Қарақожа мешітінің аймақ тарихындағы орны, оның сәулеттік ерекшеліктері мен мәдени мұра ретінде қорғаудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар, тарихи ескерткіштерді сақтау бойынша заңнамалық негіздер мен практикалық жұмыстар да талқыланды.



24 Қараша 2025
95
16 Қараша 2019