«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы» атты жиын өтті

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы» атты жиын өтті

             Ежелгі  Тараз  ескерткіштері    тарихи-мәдени   музей-қорық  қызметкерлері  арасында   «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы» атты жиын өтті. Шараның мақсаты – қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет мәдениетін арттыру. Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Нурханова Таңшолпан Бақытәліқызы арнайы шақырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, құқықтық нормалар және қоғам мен ұйымдар деңгейінде алдын алу шаралары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңызы жөнінде талқылады.
              Әділдік. Ашықтық. Жауапкершілік.
              Бұл — қоғам дамуы мен болашағы үшін маңызды бағыт.