«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Берікқара қорымы – темір дәуірінің діни-мемориалдық кешені» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізілді

«Берікқара қорымы – темір дәуірінің діни-мемориалдық кешені» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізілді

             «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттеріне «Берікқара қорымы – темір дәуірінің діни-мемориалдық кешені» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
             Дәрістің мақсаты – студенттерге темір дәуіріне тән археологиялық ескерткіштердің зерттелу ерекшеліктерін таныстыру, Берікқара қорымының тарихи және мәдени маңызын түсіндіру, сондай-ақ отансүйгіштік пен тарихи мұраға құрмет сезімін қалыптастыру болды.