«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Жылжымалы көрме — Ежелгі Тараздың рухани мұрасын насихаттау жолында

Жылжымалы көрме — Ежелгі Тараздың рухани мұрасын насихаттау жолында

           Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорықтың
ұйымдастыруымен  Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің білімгерлеріне
«Ежелгі Тараздың тарихи құндылықтары» атты жылжымалы көрме өткізілді.
           Көрме барысында студенттерге Тараз өңірінен табылған бірегей тарихи жәдігерлер таныстырылып,
олардың тарихи-мәдени маңызы жайлы мағлұмат берілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпаққа
ата-бабадан қалған мұраны танытып, тарихи сананы қалыптастыру және мәдени құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру 
⠀         Ежелгі Тараз — мыңжылдықтардан сыр шерткен алтын қазына!
           Тарихымызды бірге танып, болашағымызға аманаттайық!