“Тарих пен табиғат бояулары” облыстық экотур байқауы өз мәресіне жетті!
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Абай
атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері арасында өткен бұл байқау шығармашылық
пен табиғат сұлулығын тоғыстырған ерекше шара болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын — Қалмахан Арайлым
ІІ орын — Әшімхан Әмина
ІІІ орын — Байзакова Камилла
Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Байқауға белсене
атсалысқан жетекшілерге алғыс хаттар, ал қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Шабыт пен ізденіс жолындағы қадамдарыңыз сәтті болсын!




07 Қазан 2025
217
16 Қараша 2019