Ұлттық домбыра күніне арналған челлендж!
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен ерекше рухани шара өтті.
Ұлттық өнерімізді ұлықтайтын бұл мерекеде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Оқушылар сарайының “Өрлеу” ән-саз студиясының дарынды оқушылары “Көне Тараз” күйін орындады.
Күй күмбірі Көне Тараздың дәл жүрегінде – ашық аспан астындағы тарихи саябақта шырқалды. Тарих пен өнер тоғысқан бұл сәт көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Домбыра – халқымыздың үні, ел рухының көрінісі. Осындай шаралар арқылы ұлттық болмысты дәріптеу – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Осы челленджді “Таңбалы” мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығына жолдаймыз! «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы. Қазақтың киелі домбырасы әр шаңырақта күмбірлесін!
Баршаңызды Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық өнеріміз жасай берсін!
04 Шілде 2025
579
16 Қараша 2019