«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / "Таза Қазақстан" акциясы аясында Қарахан баба, Айша бибі кесенелері аумағында тазалық жұмыстары

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Қарахан баба, Айша бибі кесенелері аумағында тазалық жұмыстары

     "Таза Қазақстан" акциясы аясында Қарахан баба, Айша бибі кесенелері аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаш көшеттері отырғызылды.
     Бұл бастама — тарихи ескерткіштерімізді көздің қарашығындай сақтау жолындағы маңызды қадам. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы — еліміздің табиғи және тарихи мұраларын сақтау жолындағы маңызды бастама. Айша бибі кесенесі — тек біздің өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның тарихи бренді.
     Экологиялық науқан аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының» бастамасымен Айша бибі кенесінде ағаштар отырғызылады. Мұндағы мақсат – келген турист, қонақтарға уақыттарын жайлы өткізуге жағдай жасау болып табылады. Яғни ауыл тұрғындары елдімекен аумағында орналасқан Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелерін абаттандырып, тал егіп, ескірген жерлерді әктеп-сырлап тазалық жұмыстарын жүргізді. Осылайша, Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталғы», Тараз жастар орталығы, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, ауыл тұрғындары «ТАЗА ҚАЗАЗСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ акцияға үлес қосты.